1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
КАК БЫСТРО ПРОВЕРИТЬ СТАТУС В ОСМС
Медициналық көмек алу туралы сұрақтар бойынша 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болатыны белгілі. Келіп түсетін өтініштердің бір бөлігі МӘМС жүйесіндегі мәртебені нақтылауға қатысты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағылар оператордың жауабын күтуге уақыт жоғалтпай, мәртебені онлайн-сервис арқылы жылдам тексеруге болатынын еске салып өтті. Қордың ЖСН енгізіп міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебеңді білуге болатын жеке сервистері бар. Олардың қатарына келесілер жатады:

• msqory.kz ресми сайты – парақшаның ортасындағы «Сақтандыру мәртебесін тексеріңіз» жолағы арқылы;
• Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы – бас мәзірдегі «Сақтандыру мәртебесін тексеру» пәрмені арқылы;
• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot – негізгі мәзірдегі «Сақтандыру мәртебесін анықтау» пәрмені арқылы.

Сондай-ақ, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры екінші деңгейдегі банктермен және медициналық ақпараттық жүйелерді жеткізушілермен тиісті келісімдер жасай отырып, сақтандыру мәртебесін тексеру және жарналарды төлеу үшін сервистерді кеңейту бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда бұл мүмкіндік келесідей мобильді қосымшаларда қолжетімді:

• Damumed
• Halyk (Халық банкі)
• BCC.KZ (ЦентрКредит банкі)
• Kaspi.kz (Kaspi Bank)
• Forte (Forte Bank)
• Freedom SuperApp (Фридом Банк Қазақстан)
• Bereke bank (Bereke Банк)

Сонымен қатар, egov.kz электрондық үкімет сайтында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу және аударымдардың және немесе жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі бар.

06.02.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу